27 Қараша 14:35

Тоқаевты Жиенбеков әуежайдан күтіп алды

Фото:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қ.Тоқаевты әуежайдан Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков күтіп алды. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Оны Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады» деп жазды Б.Уәли.

Санаулы сәттерден кейін екі ел президенттерінің салтанатты кездесуін «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.  

Тегтер: