USD
USD
USD

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсімін 3,6-3,9 пайыз деңгейде жақсарту және коронавирустың жаңа штамдарының салдарынан ел экономикасын қайта қалпына келтіруге кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер туралы баяндалды.

Президентке биылғы 6 айдағы инфляцияның 7,9 пайызға дейін жедел өсуі, ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі және орталық банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар Ерболат Досаев халық салымдарының тұрақты түрде долларсызданып келе жатқаны, экономиканың нақты секторын несиелеудің өсуі және қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесін құру жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысына депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерді бағалау моделі ұсынылды және цифрлық қаржылық экожүйелерді теңгерімді реттеу жөніндегі тәсілдер туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті