29 Қараша 14:11

Тоқаев: ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін көтеру қажет

Фото:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты
ұйымын (әрі қарай – ҰҚШҰ) Еуразияда белсенді болуға шақырды. Бұл
туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы. NEGE. «Халықаралық қауіпсіздік саласында саяси диалогты күшейту керек екеніне тоқтала келе, мемлекет басшысы еуразия ортасында орналасқан аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ
жауапкершілігіне баса назар аударды. Оның пікірінше, бұл ұйым Еуропа мен Азияны қауіпсіздіктің бірыңғай платформасына біріктіріп, белсендірек әрекет ете алады», – делінген Бішкекте өтіп жатқан ҰҚШҰ ұжымдық
қауіпсіздік кеңесі сессиясының нәтижесі жайындағы хабарламада.

Осы межеден көріну үшін Тоқаев бірқатар міндеттер ұсынды. Соның ішінде ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін көтеру де бар.

Тегтер: