12 Ақпан 19:45

Тоқаев Түймебаевқа қандай тапсырма берді?

Фото:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Түймебаев Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты ауылдары және басқа да елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу қорытындысы туралы баяндалды.

Тақырыпқа орай: Шешенсінген Ассамблея тірі ме?

Президент елдегі тұрақтылықты сақтауға, барлық этностық топтың өкілдері арасындағы бірлік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу барысында Жамбыл облысының дүнген қауымының жергілікті қазақ халқымен өзара іс-қимылы, қазақ тілін үйренуі, мемлекеттік билік органдарына құрметпен қарауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тегтер: