USD
USD
USD

Тоқаев пен Путин онлайн кездеседі

Қазақстан мен Ресей президенттері онлайн-форматта Көкшетауда өтетін екі елдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Тоқаев пен Путин онлайн кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Форум аясында мемлекет басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.

Форум биыл "Экология және "жасыл экономикалық" өсім салаларындағы ынтымақтастық" тақырыбы аясында өтеді.

"Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді