12 Ақпан 18:01

Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына шақырту алды

Фото:

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына шақырту алғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентін бұл конференцияға ұйымдастырушылар шақырды, әрине ол шақыруды қабылдады және оған қатысатын болады, - деді министр Тілеуберді Мәжілістен тыс журналистерге берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол бұл халықаралық жиынға өзінің де шақырту алғанын қоса кеткен.

Маған бөлек шақырту келді, әрине, мен Президентпен бірге еріп баратын боламын. Әріптестеріммен екіжақты кездесулер жоспарланған, Президенттің кездесулері де бар. Мен үшін көпжақты Альянс форумына қатысу өте қызықты – бұл еуропалық бағыттағы жаңа бағыт. Біз бұл өзгерістерді зерделеп, осы одақтың қызметіне белсенді қатысуға мүдделіміз, - деп түйіндеді сөзін ол.

2020 жылы Мюнхенде жыл сайынғы қауіпсіздік конференциясы 14-16 ақпан аралығында өтеді. Оған 40-тан астам елдің, сондай-ақ бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Тегтер: