16 Ақпан 10:46

Тоқаев Ауғанстанға қатысты ұстанымын айтты

Фото:

Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанмен қарым-қатынасқа байланысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE. «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы өткен панельдік пікірталас кезінде Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас Орталық Азияның Ауғанстанға қатысты ұстанымы туралы сұрады.

Қазақстан Президенті Орталық Азия және Ауғанстан қарым-қатынас форматы аймақтағы тұрақтылыққа үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оқу орындарында білім алу үшін ауған студенттеріне жағдай жасалғанын еске салды.

Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін Ауғанстан жақсы серіктес екенін атап өтті.

Тегтер: