16 Қыркүйек 12:27

Тәжікстанда ҰҚШҰ саммиті өтіп жатыр

Фото:

Душанбеде Тәжік президенті Эмомали Рахмонның төрағалық етуімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің саммиті өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Саммитке ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз президенті Садыр Жапаров Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр. Ресей президенті Владимир Путин біршама уақытқа оқшауланғандықтан, саммитке видео байланыс арқылы қатысуда.

Э.Рахмон Тәжікстанның ҮҚШҰ-ға төрағалығын қорытып, ұйымға мүше елдерге жаңа қауіптер төнгенін айтты. Сондай-ақ ол үйым хатшысы С.Заське ерекше алғыс білдірді.

Өйткені С.Зась бұрнағы күні Ауғанстанда жағдай одан әрі ушығатын болса, ҰҚШҰ мүшелері Тәжікстанға қажетті барлық әскери-техникалық көмек көрсететінін айтқан. Міне, осы мәселе Душанбе саммитінде егжей-тегжейлі талқылануы тиіс.

Тегтер: