4 Маусым 16:56
...

«Спутник V» вакцинасын салдырған азаматтар шетелге шыға алмай ма?

Фото:
Мәлімет бойынша, «Спутник V» 65-тен астам елде тіркелген. Алайда «Спутник V» вакцинасын алғандарды кіргізбейтін елдер де бар. Сайтымызда 

«Спутник V» екпесін кейбір елдер неге жаратпай отырғанын жазған болатынбыз. 

Сонда Вакцина өндіруге арналған шикізат әр елде әртүрлі ме? Вакцинаның нақты құрамы әлем бойынша бекітілмеген бе? «СПУТНИК V» вакцинасын салдырған азаматтар өзге елге қалай барады?

Осы сауалдарды тілшіміз СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қойды. 

Тілшіміздің сауалына ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Нұрлыбек Абибұллаұлы жауап берді. 

– «Спутник V» және тағы басқа да вакциналар туралы айтып кетуге болады. Әр вакцинаның құрамы әртүрлі. Оны өздеріңіз де білесіздер, қайда болсын оригинал дәрілер бар. Солардың ішінде де өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан «Спутник V» вакцинасына келетін болсақ, оның Қазақстанда салынып жатқаны Ресейден келіп жатыр. Өзіміздің Қарағандыда да шығарылып жатыр. Олардың сапасы мен қауіпсіздігі толық нормативтік құжаттар арқылы тексеріледі. Өздеріңіз де көріп отырғандай, халық оған сенім артып жатыр. Сауалнамаларды байқап отырсақ, вакцина алуға келіп жатқандар көп. Біз көріп отырмыз, басқа да дамыған елдерде вакцина алушылардың саны70 пайызға жетті. Соның арқасында коронавирустың таралуы азайып отыр. Жағымсыз тұсы әлі дәлелденбеген ғой, – деді департамент басшысы. 

Нұрлыбек Абибұллаұлының айтуынша, бұл жерде үлкен саясат жатқан көрінеді. Бұл жөнінде ол былай деді:

«Бұл жерде саясат та бар деп айтсақ болады. Өйткені «Спутникті» Еуропада тіркеу енді жүріп жатыр. Еуропаның дәрілік заттар бойынша агенттігі соны қарауда. Жақында ғана олар Қытайдың вакцинасын тіркеді. Сол сияқты Ресей тарапының айтуы бойынша, «Спутник» те жақын уақытта тіркелуі керек. Қазір біз соны күтіп отырмыз. Ресейлік дәрімен вакцинацияланған азаматтардың өзге елге кіруіне келер болсақ, ол әр елдің өзінің құқығы. Біздің елімізде тиісті министрліктер осы мәселеге байланысты жұмыс істеп жатыр».

Тегтер: