3 Наурыз 16:45

Шыңғыс Мұқан Ұлттық сенім кеңесінің құрамына кірді

Фото:

Қоғам белсендісі, журналист Шыңғыс Мұқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына қосылды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Бүгін Ұлттық кеңес құрамынан Аружан Сайынның шыққаны белгілі болды. Ол кеңес құрамынан шығу себебін «уақыт тапшылығымен» түсіндірді. Естеріңізге салайық, қоғам белсендісі Аружан Сайын қайырымдылық шарасымен айналысады.

Аудармашы, журналист Шыңғыс Мұқан – Республикалық «Жас Алаш» газетінде, Президент әкімшілігінде, бірқатар министрліктер мен облыс әкімдіктерінде, мұнай компаниясында қызмет істеген тәжірибелі маман. Әлемдегі жетекші университеттердің бірі Гарвардтың түлегі. Әріптесіміз нақты іспен Ұлттық кеңестің жұмысын жандандыруға үлес қосады деп сенеміз.  

Тегтер: