20 Қаңтар 16:10

Путиннің болашағын болжады

Фото:

Чехия президенті Милош Земан ресейлік әріптесі Владимир Путиннің саясаттағы болашағына болжам жасады. Ол бұл туралы Прагадағы «Frequency-1» радиостансасының «Пресс-клуб» бағдарламасында айтты.

Алматы, NEGE. Чехия басшысының айтуынша, таяу жылдары Путиннің болашағы үш сценарий бойынша өрбуі мүмкін. Біріншіден, ол тағы да президенттік сайлауға түседі және тағында қалады. Екінші нұсқа бойынша В.Путин елдің премьер-министрі болып сайланады. Үшінші нұсқаның жөні бөлек. Ол «Мемлекеттік кеңес» деп аталатын жаңа лауазым ойлап тауып, соның басшысы болады.

Чехия президенті жаңа премьер-министр Михаил Мишустиннің тағайындалуы туралы да түсінік берді. Бірақ ол Ресей үкімет басшысын жыға танымайтындықтан, оның келешегі туралы ештеңе айта алмаған.  

Тегтер: