Президенттік сайлау мамырда өтеді

Польшада президенттік сайлау 2020 жылдың 10 мамырында өтеді. Бұл туралы 5 ақпанда парламенттің төменгі палата спикері Элзбиета Витек айтты, деп хабарлайды iz.ru.
Алматы, NEGE. Сайлауға сайланып отырған негізгі тұлғалар үшеу: Польшаның қазіргі мемлекет басшысы Анджей Дуда, «Заң және ақиқат» партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский және оппозиция атынан түсетін Малгожата Кидава-Блоньская.
Сондай-ақ, үміткерлер қатарында журналист, тележүргізуші Шимон Холовня, шаруалар партиясының басшысы Владислав Косиняк-Камыш, «Көктем» партиясының жетекшісі, қоғам белсендісі Роберт Бедронь, төменгі палата депутаты Петр Лирой-Мажец бар.
2019 жылдың қарашасында Еуропалық Кеңес төрағасы Дональд Туск Польшадағы президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы шешім қабылдағанын айтқан еді. Оның сөзінше, оппозиция сайлауда жеңіске жете алады, бірақ ол үшін «қиындыққа мойымайтын, тосын шешімдерге бара алатын кандидат керек».