USD
USD
USD

Президент Тоқаев Лакшми Митталға шүйлікті

Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қ.Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаудың» тиімсіз жұмысын сынға алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Тоқаев Лакшми Митталға шүйлікті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Өндірісте жарақат алудың көбеюі түйткілді мәселеге айналды. Биылғы жылдың 11 айында өндірісте 1124 адам жапа шекті. Жекелеген өндіріс орындарында адам өліміне әкеп соғып жатқан апаттар жиіледі. Әңгіме «АрселорМиттал Теміртау» туралы да болып отыр.

2006 жылдан бері бұл өндіріс орнында 20-дан астам апат болып, 100-ден астам адамның өмірі қиылды. Тек биыл ғана 14 адам қайтыс болды, мұның ішінде өткен аптада ғана көз жұмған бір жұмыскер бар.

Мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың есебіне қарағанда, компания еңбек, экологиялық және салықтық заңнамаларды бұзған, инвестициялық міндеттемені орындамаған. Қоғам әділ әрі кейінге қалдыруға болмайтын шешімдерді күтіп отыр. Бақылау Премьер-министрге жүктелген», – деді Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев.

Біз бұған дейін Президент Тоқаевтың үнділік миллиардер Лакшми Митталмен «басқаша сөйлесуі» мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева