3 Ақпан 15:11

Помпео Қазақстанға сапарынан кейінгі әсерімен бөлісті

Фото:

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстанға сапарынан кейін өзінің Тwitter парақшасында бірнеше жазба жариялады.

Алматы, NEGE. «Қазақстанға сапарымнан кейін біздің халқымыздың өркендеуін қамтамасыз ететін ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне үлкен үміт артамын. Біздің бейбітшілікке, өркендеу мен қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымымыз өңірдегі болашағымызды жарқын етеді» - деп жазды Помпео.

 

Сондай-ақ, Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі өзіне үлкен мәртебе болғанын атап өтті.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін, ұлттық тұтастығын және егемендігін қолдайды», - деп жазды ол. 

Помпео Қытайда тұратын этникалық қазақтардың туыстарымен кездесу туралы да айтты.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу туралы жазуды да ұмытпады. 

«Біз ынтымақтастығымызды кеңейтіп, серіктестігімізді 2020 жылы нығайтамыз деп үміттенеміз» - деп жазды Майкл Помпео Тwitter парақшасында.

Тегтер: