Пикетке шықсаң, короновирусқа әкетеді

12 маусым, 18:35
Пикетке шықсаң, короновирусқа әкетеді
Фото: kaztag.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында пикетке шыққан әйелдерді коронавирусты инфекцияға тексеру үшін алып кетті, Нұр-Сұлтанда митинг өткізуге тыйым салынған, деді Нұр-Сұлтандағы бас санитарлық дәрігер Жанна Пралиева.
Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтандағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 1 маусымнан бастап көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынады, соның ішінде митингтерге де. Олардың (пикетке шыққандардың – ҚазТАГ) жағдайын бақылау мақсатында, қашықтық сақталмағандықтан, оларды коронавирусты инфекцияға тексердік», - деді Пралиева жұмада ОКҚ-де агенттік тілшісінің пикетке шыққандарды неге алып кетті деген сұрағына.
Сандәрігер зерттеу қорытындысы туралы ештеме айтпады.
Еске салсақ, 10 маусымда қорғаныс костюмдерін кигендер ЕХӘҚМ алдындағыларды алып кетті.