21 Қаңтар 10:05

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Фото:

Мемлекет басшысының жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. «Әбілқайыр Бақтыбайұлы Ысқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Үкімет басшысы Асқар Мәмин Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, Сқақовты таныстырды. Мемлекет басшысы ұсынған кандидат Ә.Сқақовты мәслихат бір ауыздан қолдады.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Мамандығы – салық жөнінен қаржыгер. Заңгер деген дипломы тағы бар. 2017 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін әкімшілік іс басқару мамандығы бойынша бітірген.

Сқақов бірқатар облыстарда салық саласын басқарған. 2012-2014 жылдары Салық комитеті төрағасының орынбасары болған. 2016 жылға дейін астананың мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.

Бір қызығы, бұрынғы әкім Болат Бақауовтың ұсталуына Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушының арызы себеп болып еді. Облысқа әкім болып салықшының келуін кездейсоқтық дейміз бе?  

Тегтер: