Билік

28.11.19 Талғат Ермегияевтің ісі қайта қаралуы мүмкін бе?

«Бұған дейін Миразов НЕГЕ қызметте тұрақтай алмады?» деген сұрақ туады. 2018 жылдың қаңтарында сол кездегі Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Алматы қаласы прокурорымен қоса, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорларының орынбасарларын қызметтен алып тастаған.

28.11.19 Дода дүбірі тақады

Мәжіліс сайлауынан соң еліміз парламенттік басқару жүйесіне көшуі ықтимал. Келер жылы елімізде мәжіліс сайлауы болуы бек мүмкін. Бұл сайлаудың өзге сайлаулардан ерекшелігі, президенттік билік жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне көшуіміз ғажап емес. Саясаттың төңірегінде жүрген кейбір сарапшылар осылай топшылайды. 

27.11.19 Білім және ғылым вице-министрі: Айлығым – 640 мың теңге

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары қанша жалақы алатынын журналистердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

27.11.19 Тоқаев Жиенбековті Қазақстанға шақырды

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбековті 2020 жылы ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.

27.11.19 Тоқаевты Жиенбеков әуежайдан күтіп алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қ.Тоқаевты әуежайдан Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков күтіп алды. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

27.11.19 Ескіден келе жатқан егес

Еліміздің билік тізгінін ұстаған топтар арасындағы текетірес үдеп барады. Бұл бақталастықтан гөрі есеп айырысуға көбірек ұқсайды. Бұлай деуімізге Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров және басқа да тұлғалар төңірегіндегі қым-қуыт оқиғалар дәлел болып отыр. 

27.11.19 Украинамен экстрадиция туралы келісім-шарт бекітілді

Қазақстан Украинамен экстрадиция туралы келісім-шартты бекітті. Бұл туралы, Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

26.11.19 Марат Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.