Билік

10.01.20 Киев Ресейге наразылық нотасын жолдады

Украина Владимир Путиннің Қырымға жасаған сапарына орай Ресейге наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Twitter-де Украина СІМ-нің баспасөз хатшысы Екатерина Зеленко хабарлады.

10.01.20 Ұшақтың қара жәшігін Иран неге бермей отыр?news video

АҚШ пен Иранның арасы ушығып тұрған тұста жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы мәселені одан әрі күрделендіре түскендей. Тегеран ұшақтың қара жәшіктерін Боинг компаниясының мамандарына да, АҚШ билігіне де бермейтінін айтты.

09.01.20 «АҚШ бірінші рет аяғын тартты»

«Трамп жауап қатпайтын болды. Әлде президент ерекше, әлде бұрынғы Құрама Штаттар жоқ» деп жазды Никонов.

08.01.20 Президент Тоқаев не үшін алаңдады?

Таяу Шығыстағы жағдай сәт сайын құбылып тұр. Оның үстіне еліміздің Иранмен Каспий теңізі арқылы шектесетінін де ұмытпауымыз керек.   

08.01.20 Путиннің ендігі жоспары өзгере ме?

Ресейлік ақпарат құралдары өткен аптада қаза болған Иран генералы Қасым Сулейманиды «Ресей президенті В.Путиннің 2015 жылы Сириядағы қақтығысқа араласуына түрткі жасады»  деп жазды. Сондықтан генералдың өлімі Ресейдің Сирия, Иран, Түркияға қатысты ұстанымына өзгеріс алып келуі мүмкін екенін алға тартады.

06.01.20 Бозымбаевтың бастамалары іске аса бастады

Қызылорда облысынан тартылған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларына жетті.

04.01.20 Президент жаңажылдық кеште диджей болды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет мүшелері мен әртістер бас қосқан жаңа жыл кешінде бірнеше сағат бойы диджей болып, ән салған.

04.01.20 Тоқаев әкімшілігімен кеңесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорда сайты.