14 Желтоқсан 15:33
...

Оразалин отставкаға кете ме? 

Фото:

30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Руслан Мамуновтың қылмыстық жолмен тапқан дүние-мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Мамунов жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі қылмыстық-түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Р.Мамуновтың ұсталғаны жөніндегі ақпаратты ең бірінші Nege.kz порталы жариялаған. Сол кезде Мамунов «өзін ешкімнің ұстамағанын» мәлімдеп, «жалған ақпарат таратқандарды сотқа берем» деп қоқиланған. Алайда көп ұзамай ол тергеу изоляторынан бір-ақ шықты.

«ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заң талабына сәйкес, қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаса, басшы отставкаға кету жөнінде өтініш беруі керек.  Заңның 60-бабында былай дейді:

«Өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік органның басшысы сот қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға өтініш береді».  

Мамуновқа қатысты айыптау үкімі шыққалы бері екі жарым айға жуықтады. Бірақ Мамуновтың тікелей басшысы – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отставкаға өтініш беріпті дегенді естігеміз жоқ.

Осыған байланысты Nege.kz порталы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың атына ресми сауал жолдаған. Әзірге Антикор үнсіз. Ал Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының міндетін атқарушы Д.Тоғызбаевтан төмендегідей жауап келді:

P.S. «Орынбасарым істі болды, бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге моральдық құқығым жоқ» деп отставкаға өтініш берген әкімді бұрын-соңды естімегенбіз. Өкінішке қарай, Оразалиннен де ондай ерлік шықпады. 

Тегтер: