15 Наурыз 22:06

Нұр-Сұлтан Наурыз мерекесін тойламайды

Фото:

«Нұр-Cұлтан қаласы «қызыл» аймақта. Сол себепті алдағы жексенбі күні, яғни 21 наурызда қалада локдаун енгізіледі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жексенбіде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары (онда орналасқан дәріханаларды, сонымен бірге тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, азық-түлік тауарларын сатпайтын объектілер, жабық спорт объектілері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ сияқты мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге дезинфекция жұмыстары жүргізілуіне байланысты жексенбіде қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды.

Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың («сары» аймақ критерийлері қолданылатын Ashyq пилот жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.

«Қаладағы эпидемиология ахуалы тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт көбейді. Осыған байланысты 18 наурыздан бастап карантиннің қосымша шектеулері бар қаулы қолданысқа енгізіледі. Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Инфекцияның өршуіне жол бермеуіміз керек. Медицина ұйымдарына және медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитария нормалары сақталуы керек», – деді Нұр-Cұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова.

Сархат Бейсенова 18 наурыздан бастап (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақыты қысқарғанын айтты.

Сонымен қатар 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барған. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылған еді.

Фото: elbasy.kz

Елбасы мен Қазақстан Президенті елорда қонақтарын және тұрғындарын, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тілеген болатын.

Тегтер: