18 Желтоқсан 20:49

Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды

Фото:

«Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Атырау облысының әкімі қызметінен босатылып, ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды» деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Астана, NEGE. Nege.kz порталы Нұрлан Ноғаевтың энергетика министрі болып тағайындалатынын, Нұрлан Асқарұлының буынып-түйініп дайын отырғанын алдын-ала хабарлаған.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы, Қандыағаш ауылында туған. Жұмысын Ақтөбе облысында электромонтер болып бастаған.   

Тегтер: