14 Мамыр 18:16

Мұхтар Әблязов қалай «порножұлдыз» атанды?

Фото:

Nege.kz поштасына тұрақты оқырмандарымыздың бірі «Мұхтар Әблязовқа қатысы бар» деп, әлдебір видеоның сілтемесін жіберіпті.

Алғашқыда тілші атауы біртүрлі сайттың сілтемесіне күдікпен қарағанымен, журналистік әуестік жеңіп видеоны ашқанда, «маңдайы жарқырап» Мұхтар Әблязов шыға келген...

Бұл – XHAMSTER деп аталатын әйгілі порносайттың сілтемесі екен. Белгілі себептермен сайттың сілтемесін жариялай алмаймыз. Ал енді бұл порносайттың «Кеңседегі қыз» деген бөлімінде Әблязов қайдан жүр?

Бұл видео 2018 жылы жария болған. Еуропадағы қонақүйлердің бірінде Мұхтар Әблязов пен оның ашынасы делінген Людмила Козловскаяның «әмпей-жәмпей» болып жатқаны әлдебір себеппен жасырын камераға жазылып, жұртқа жария болып кеткен еді.

Видеодан скриншот

Людмила Козловская кім? Ол – «Ашық диалог» деп аталатын қордың құрушысы әрі президенті. Польшалық белсенді Бартош Крамектің әйелі.

Л.Козловская мен Б.Крамек.

2018 жылдың 12 тамызында Брюссельге ұшып келген Козловскаяны шекарашылар ұстап, бір күннен кейін Украинаға айдап жіберді. Козловскаяның айтуынша, оның ұсталуына «күйеуінің саяси белсенділігі» себеп болған. Бұдан бөлек, Козловскаяның «Ашық диалог» қорын «Шығыс Еуропадағы кейбір елдердің тұрақтылығын шайқауға тырысты» деп айыптаған-ды.

М.Әблязов пен Л.Козловская. 

Алайда мұның себебін басқадан іздейтіндер де жоқ емес. Айталық, Козловскаяның қоры қазақ билігінің бітіспес қарсыласы Мұхтар Әблязовті қолдап, бірнеше материал жариялаған. Одан бөлек, екеуі Еуропадағы адам құқықтарына қатысты жиындарға да бірге қатысқан. Ол аз десеңіз, қонақүйден жасырын жазылған мына видео тағы бар...

Дәл қазір Әблязов пен Козловскаяның қандай байланысы бар екенін білмейміз. Екеуіне қатысы бар делінген видео әйгілі порносайтта жүргеніне қарағанда, байланысы үзілмеген болуы да мүмкін. Әйтпесе, үш жыл бұрынғы нәрсені қайта «жаңғырту» кімге керек дейсіз...           

Тегтер: