16 Қаңтар 12:44

Мемлекеттік қызметкерлер пара алған болуы мүмкін

Фото:

Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу, салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар жеке кәсіпкердің шотының бұғаттан босату және әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылды» делінген хабарламада. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: