4 Ақпан 17:55

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

Фото:

ҚР Президентінің ресми сайтының хабарлауынша, бүгін қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Тегтер: