11 Қаңтар 10:07

«Мәжіліске үш партия өтті»

Фото:

Дауыс беру аяқталғаннан бері exit poll нәтижелері осылай деп жатыр.

Алматы, NEGE. ҚР Парламентінің Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарын сайлау аяқтала сала көп ұзамай exit poll нәтижелері жарияланды.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры айнұр Мәжитованың айтуынша, exit poll нәтижелері мынадай:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9.03%;

Nur Otan партиясы – 71,97%;

«Ауыл» партиясы – 5,75%;

«Ақ жол» партиясы – 10,18%;

ADAL саяси партиясы – 3,07%

Тағы бір exit poll нәтижесін «Демократия институты» деп аталатын ұйым жариялаған. Бұл да бастапқы болжамнан көп ауытқымайды.

Қазақстан Халық партиясы – 9,54%;

Nur Otan партиясы – 72,01%;

«Ауыл» партиясы – 4,93%;

«Ақ жол» партиясы – 10,27%;

Adal партиясы – 3,25%.

Сайлауда тек 7 пайыздық межеден өткен партияларға ғана Мәжіліс пен мәслихаттан орын бұйыратынын ескерсек, төрден тек «Нұр Отан», ҚХП және «Ақ жолды» ғана көретін сияқтымыз. Өйткені билікке жақын саяси ұйымдардың «болжамы» негізгі нәтижеден алшақтамайтынын ескерген жөн.

Тегтер: