9 Қыркүйек 17:14

Мағзұм Мырзағалиев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды

Фото:

Екі күн бұрын ҚР Энергетика министрінің орны босап қалған. Экс-министр Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді. Енді Ноғаевтың орнына Мырзағалиев келді.

«Саяси жауырыншылар» энергетика министрлігіне бірнеше лауазымды шенеунікті теліп үлгерген. Олардың арасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те бар еді.

Жаңа ғана Ақорданың ресми сайты былай деп жазды: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды».

Тегтер: