31 Тамыз 15:04

Қорғаныс министрі тағайындалды

Фото:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президент Қ.Тоқаевтың Қорғаныс министрін тағайындау туралы жарлығында былай деген: «Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын».

Генерал-лейтенант М.Бектанов бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы лауазымын атқарған.

Ол 1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 2020 жылы мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери шені берілді.

Тегтер: