3 Ақпан 19:06

Қырғыз президенті Тоқаевқа рақмет айтты

Фото:

Бүгін Қазақстан президенті Қ.Тоқаев пен Қырғызстан президенті С.Жиенбеков телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы әріптестік жайлы сөйлесіп, алдағы жұмыстарды пысықтады. С.Жиенбеков Қ.Тоқаевқа Ухань қаласынан Қырғызстан азаматтарын Бішкекке әкелуге жәрдемдескені үшін рақмет айтты.

«Қырғыз тарапының сұрауы бойынша Қырғызстан азаматтары Ухань қаласынан Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, одан әрі Бішкектен шыққан арнайы бортпен елге әкелінді» деп хабарлады Қырғыз президентінің баспасөз қызметі.

Тегтер: