Қазақстанның Грекия мен Жапониядағы елшілері тағайындалды

01 маусым, 11:19

Фото: ғаламтордан

Қазақстан Республикасының Грек республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации