20 Тамыз 15:37

Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін тәліптер күзетіп тұр

Фото:

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, Қазақстанның Кабулдағы елшілігін қазір тәліптер күзетіп тұрған көрінеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қабулдағы біздің елшіліктің мәліметінше, тәліптер Кабулға басып кіргенде біздің елшілік орналасқан ауданды да басып алған. Тәліптер елшілікке жақындағанда елшінің өзі шығып, олармен сөйлескен. Тәліптер: «Сендер кімсіңдер? Бұл қандай елшілік?», – деп сұрапты. Қазақстанның елшілігі екенін айтқанда олар: «Ештеңеден қорықпаңдар, бұрынғыдай жұмыс істей беріңдер. Сендер біздің қорғауымыздасыңдар», – деген.

Олар қазір де біздің елшілікті күзетіп жүр. Әзірге байланыс осылай ғана болды», – деді А.Рахметуллин.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 12 ақпанда орнатылды. Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі 2003 жылы ашылды. 2018 жылдың сәуірінде Төтенше және өкілетті елші болып Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев тағайындалды. 

Тегтер: