29 Қаңтар 13:04

Қазақстан елшілері тағайындалды

Фото:

Қазақстанның бірнеше шет мемлекеттегі Төтенше және Өкілетті елшісі тағайындалды.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», – деленген хабарламада. 

Тегтер: