Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды

10 ақпан, 19:25
Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды
Фото: ашық қордан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.