USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бәрін ашық айтып жүрмін

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бәрін ашық айтып жүрмін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.

 Президент одан өзге «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық» деді.

Президент ашықтық жайына да ерекше тоқталды.

«Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев