15 Ақпан 11:41

Гитанас Науседа: АҚШ болмаса, күніміз қараң

Фото:

Америка Құрама Штаттары және НАТО елдерінің жәрдемі Литваның Ресей «қысымына шыдауына» мүмкіндік береді. Литва президенті Гитанас Науседа бұл пікірін Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында мәлімдеген.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мемлектет басшысының сөзіне сілтеме жасап, Sputnik Литва хабарлады.

«Америка Құрама Штаттары мен НАТО елдерінің қолдауы болмаса, біз  Ресей қысымына қарсы тұра алмас едік. Біздің географиялық орналасуымыз бен геосаяси жағдайымыз осы байланысты күшейтуді талап етеді», деген Литва басшысы.

Ол сондай-ақ, НАТО-ның әскери жаттығуларына Литва қарулы күштерінің қатысуы маңызды екенін, Солтүстік Атлантикалық Альянс күштерінің әскери жаттығуларын Литвада өткізуге болатынын айтқан.

Тегтер: