17 Қаңтар 10:25

Эрдоған Ливияға әскер аттандырады

Фото:

Түркия президенті Тайип Эрдоған халықаралық қауымдастық мойындап отырған Триполидағы үкіметке қолдау көрсету үшін Ливияға әскер аттандыруды бастайтынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Жуырда Германия астанасында Ливия қақтығысына қатысты Берлин саммиті өтеді. Онда Германия, Ресей, Ұлыбритания мен Италия президенттері бас қоспақ. Эрдоған Түркияның оңтүстігінде тұрақтылықты сақтау үшін саяси және әскери күштің барлық түрін пайдаланатынын айтып, тоғыз ай бойына ұрыс қимылдары жалғасып келе жатқан Ливия мәселесіне араласуын тоқтатпайтынын айтты.

Тегтер: