18 Желтоқсан 21:09

Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Фото:

Мемлекет басшысының жарлығымен Энергетика министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Астана, NEGE. 1960 жылы Атырау қаласында туған ол Мәскеу қаласындағы И.М.Губкин атындағы мұнай-газ институтының түлегі (1983). Қазақ мемлекеттік заң университетін (2016) тәмәмдаған.

Еңбек жолын қарапайым геолог боп бастаған Досмұхамбетов мұнай-газ зерттеу, байыту саласында қызмет етіп, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап «АНАКО» АҚ-ға қарасты «Мұнай» барлау мекемесінде бас геолог, «Эмбамунайгаз» АҚ геологиялық барлау бөлімінің басшысы, «Қазақойл» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы басқарма басшысы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы келісім-шарттарды саралау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы геолоиялық зерттеу және дамыту басқармасының директоры, «ҚазГерМұнай» ЖШС бас геологы және басқарма директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылы ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Тегтер: