14 Желтоқсан 11:54

Досмұхамбетов орынбасары Хаменоваға қатысты пікір білдірді

Фото:

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғанын естігенде қатты ренжіпті. Бұл туралы әкім Үкімет отырысынан кейін журналистерге айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Хаменованың орнын ешкім алған жоқ әлі. Оның атқаран фунциялары әкімнің негізгі орынбасарларына бөлінді. Тергеу жүріп жатыр, бәрі тергеуден кейін белгілі болады. Мен бұл туралы айта алмаймын, әзірге тергеу жүруде», – деді М.Досмұхамбетов.

«Орынбасарыңыз ұсталғанын естігенде қандай көңіл-күйде болдыңыз?» деген сұраққа әкім: «Әрине, мен ренжідім», – деп жауап берді.

Заң бойынша, егер әкімнің орынбасары істі болып, қылмысы сотта дәлелденсе, әкім отставкаға кету жөнінде Мемлекет басшысына өтініш жазуы керек.

Отставка туралы сұраққа әкім былай деп жауап берді: «Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер менің қарамағымдағылар, тікелей бағыныштылар, орынбасарларым жемқорлық жасайтын болса, заң бойынша мен отставкаға өтініш жазуым керек. Ал шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды».

Естеріңізге салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова «Атырауда Абай ескерткішін салу үшін бөлінген 145 млн теңгеден пара ретінде 4,5 млн теңге алды» деп айыпталып, тергеу изоляторына қамалған болатын. Алайда сот оның жас баласы бар екенін ескеріп, үйқамаққа шығарды. Тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: