18 Желтоқсан 13:30

«Бозымбаев денсаулығына байланысты қызмет ауыстырды»

Фото:

Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Телеграмм каналына Қ.Бозымбаевтың қызмет ауыстыруына байланысты былай деп жазды:

«Құрметті әріптестер! Қанат Бозымбаевтың қызмет ауыстыруына байланысты менің түсініктемеме назар аударуды сұраймын.

Министр Қанат Бозымбаевтың мойын омыртқасына ота жасалғандықтан, денсаулығына байланысты жайтты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірер күн бұрын мәлімдеді. Өйткені, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, ұзақ сапарларды азайтуы тиіс. Сондай-ақ, Қанат Алдабергенұлы ұзақ мерзімді физиотерапиялық ем алуы тиіс. Өздеріңіз білетіндей, министрдің жұмысы оңай емес. Ұшақпен ұзақ сапарларға шығады: аймақтарды аралайды, салалық нысандарды тексереді, стансаларға, кен орындарына барады, шетелдік инвесторлармен және әріптестермен келіссөздер жасайды, халықаралық ұйымдардың (ОПЕК, МАГАТЭ т.б.) іс-шараларына қатысады».  

Тегтер: