20 Қаңтар 17:26

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Фото:

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін төрт айға созды. Ол үш айын үйқамақта өткізді, енді ақпанға дейін тағы үйқамақта отырады», – деді Д.Куряченко.

Адвокаттың айтуына қарағанда, Біртановтың көңіл-күйі жаман емес көрінеді.

«Қорғаушы ретінде мен онымен үйінде жиі кездесемін, өйткені ол үйқамақта ғой. Ол өзін кінәлі сезінбейді, бекем отыр», – дейді адвокат.

Естеріңізге салайық, Е.Біртанов өткен жылы 25 маусымда қызметінен босатылған. Оған «бюджет қаржысын талан-таражға салды» деген айып тағылып, 3 қарашада ұсталғаны белгілі болды. Кейіннен адвокаты Д.куряченко экс-шенеуніктің үйқамақта отырғанын хабарлады.

Тегтер: