27 Қараша 22:05

Білім және ғылым вице-министрі: Айлығым – 640 мың теңге

Фото:

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары қанша жалақы алатынын журналистердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Алматы, NEGE. «Айлығым барлық вице-министрлердікіндей стандартты. Егер заңдық тұрғыдан қарасақ, бәрінікі бірдей. Мұны сұраудың ешқандай қажеттігі жоқ. Жүйеден іздеп көрсеңіздер, табасыздар. Бәрі бірдей – 640 мың теңге» деді вице-министр.

Қырық төрт жастағы Рүстем Биғары 2018 жылдың маусым айында вице-министр болып тағайындалған.

Тегтер: