27 Шілде 12:28

Балаева кешірім сұрады

Фото:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Токио олимпиадасының трансляциясына қатысты халықтың сынына жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Ең алдымен қазақстандық жанкүйерлерден қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын», – деді министр. 

Трансляцияға қатысты Балаева былай деді: «Басты спорттық шараның трансляциясын жүргізу құқығын алу кеше емес, Олимпиададан бұрын басталған. Келіссөз соңғы сәтке дейін жүргізілді. Бюджеттің әрбір теңгесі үшін күрестік. Біз тіпті нашар жағдайға – трансляцияның мүлде болмауына дайын болдық. Сондықтан спортшыларымыздың өнер көрсетуі кезінде нәтижелері мен мәтін трансляциялары бар балама ақпарат көздерін дайындауды қарастырдық. Бірақ қазір ақпараттық вакуум уақыты емес. Екінші жағынан, біз көптеген ақпарат көзінің болуына және оған мемлекеттік монополияның іс жүзінде болмауына қарамастан, дәстүрлі телевизиялық БАҚ-тың көрермен үшін ролі мен маңызы өзектілігін жоғалтпағанына тағы да көз жеткіздік».

Министр келіссөздердің бағасы қымбатқа түскенін де айтты.

«Келіссөздер кезінде бағасын айтарлықтай түсірдік, осылайша тікелей эфир жүргізу құқығын алдық. Иә, техникалық ақау барын мойындаймын, бірақ біз мәселені шешу үшін 24/7 жұмыс істеп жатырмыз», – деді Балаева. 

26 шілде күні Қазақстан халқы доданы тамашалай алмаған. Осыған қатысты ол былай деді: «Мысал келтірейін. 26 шілдеде дзюдодан біліктілік сессиясын көрсету жағдайын алайық. Дзюдоның Олимпиада ойындарындағы таңғы біліктілік сессиясы екі татамиде өтеді. Біреуінде әйел адамдар, екіншісінде ер адамдар. Олимпиада ойындарының хост-хабар таратушысы - OBS-15 MDS арналарында сигнал береді. Таңертең әйелдер арасындағы біліктілік сигналы MDS1 арнасында, ерлер арасындағы біліктілік сигналы MDS11 арнасында берілді, оған біздің операторларымыз мүмкіндік ала алмады, себебі бүгінге дейін телеарналар тек MDS6 арналарына және 6 ADS арналарын алды. Осыған байланысты, мысалы, Жансай Смағұловтың жекпе-жегін көрсету мүмкін болмады. Зүлфия Чиншанлоның да өнерін біздің телеарналар тек бейнежазбада көрсете алды»

Қазір трансляция мәселесі шешілген.

«Кеше ХОК «Хабар» мен «Қазақстанды» ресми хабар таратушылар мәртебесінде бекітті, сондықтан енді барлық арнаға қолжетімді болады және мұндай проблемалар бұдан былай қайталанбауы тиіс. Тағы да қайталап өтейін, ойындардың толыққанды көрсетілуін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Көрермендерден тағы да кешірім сұраймын. Алда спортшыларымыз талай жеңіске жететініне сенімдімін», – деді Балаева. 

Тегтер: