31 Қаңтар 07:46

«Байқоңырға» жаңа басшы келді

Фото:

Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. «Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. 38 жастағы Нұрсағатов Нұрбол меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман», – делінген хабарламада. 

Нұрбол Нұрсағатов 2004-2005 жылдары Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс Комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған.

2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.

2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.

Тегтер: