27 Ақпан 18:35

Астанада Ағаділдің жаназасынан кейін 40-қа жуық белсенді ұсталды

Фото:

Тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділдің жаназасынан 40-қа жуық белсендіні Елордада Конгресс Холл маңында полицейлер ұстады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. Агенттік корреспондентінің есебі бойынша 40 жуық адам ұсталған. Оларды қарапайым азамат болып киініп алған құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап берген. 

Операция аялдамада тұрған азаматтарды ұстаудан басталды. Күдікті деп көрсеткен белсенділерді полиция автобустарына салып алып кетті. Кенесары көшесінің екі жағында шамамен бес автобус және патрульдік көліктер тұрды. Тәртіп сақшылары ЦУМ-ның қасына жүгіріп келіп, дәрі қабылдап жатқан егде жастағы белсендіні де ештеңеге қарамастан ұстап алып кеткен. 

Ұсталғандардың ішінде қолы гипсталған азамат та болған. Тіпті, жеке шаруаларымен пошта бөлімшесіне бара жатқан Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев та ұсталды. 

Нұр-Сұлтан полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев рациямен сөйлесу керектігін сылтауратып, не болып жатқанын түсіндіруден бас тартты.

"Білмеймін. Ешкімді ұстап жатқан жоқпыз. Менің рациямен сөйлесуім қажет", - деп журналистердің сауалынан жалтарды. 

Тіпті көмекшілері "кедергі келтірмеңіздер" деп, журналистерге ескерту жасаған. 

Прокурорға жіберілген құқық қорғаушы Талас Сағымбаев пен Зейнет Шәкірғанова да ұсталғандар қатарында болды. Кейін телефонмен олардың босатылғаны айтылды. Кезекші прокурордың мәлімдеуінше, арада түсініспеушілік болған.

Алайда қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы полиция бөлімінің баспасөз қызметі ұсталғандардың нақты санын айтпады. Тек кейінірек ақпарат береміз деп уәде етті.

Тегтер: