17 Ақпан 12:17

АҚШ Орталық Азияны Ресейден қорғауға әзір

Фото:
АҚШ «басты қарсыласымыз» деп Қытайды таниды, бірақ Ресейдің агрессивті әрекеттеріне батыл қарсы тұрмақ. Кремльдің құрығынан Орталық Азияны қорғауға дайын. Бұл туралы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді.

Алматы. NEGE. «АҚШ Ресейдің агрессивті ниетінен еуропалық одақтастарын ғана емес, сонымен қатар, Украина мен Грузияны, Орталық Азияны, тіпті, Арктиканы да қорғайды», – деді Майкл Помпео.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы еуропалық әріптестерін ресей газынан бас тартуға шақырды. «Ресей «Солтүстік ағын-2» тек қана коммерциялық мақсатты көздейді» дейді, бірақ бұған алданбаңдар», – деді ол. АҚШ жаңа «қырғи қабақ соғыста» Еуроодақты Қытайға қарсы тұруға үгіттеп, Ресейдің энергоресурстарына Еуропаның тәуелділігін болдырмау үшін 1 млрд АҚШ долларын жұмсамақ.

Тегтер: