12 Маусым 12:22

Ақорда мемлекеттік басқару реформасының тұжырымдамасын әзірледі

Фото:

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов мемлекеттік басқару реформасының тұжырымдамасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президенттік кадрлық жастар резервіндегі азаматтармен кездесу барысында Тимур Сүлейменов дамыған мемлекеттер нарықтық экономикаға көшумен қатар, мемлекеттік басқару саласында да ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Қазақстан қазір осы жолмен келе жатыр. Әйтсе де елдегі экономикалық-әлеуметтік шешімді, елдің даму бағыттарын әлі де мемлекет атқарады. Яғни маңызды саланың бәрі толық мемлекеттің қолында.

«Мемлекеттік басқарудың формасын өзгерту туралы бастама өте маңызды. Ол жайлы Мемлекет басшысы да айтқан болатын. Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік басқару реформасының тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама 1 жылға жуық талқыланды. Ол 2 бөлімнен тұрады: бірінші жалпы мемлекеттік басқару, екінші жергілікті өзін-өзі басқару реформасы», – дейді Тимур Сүлейменов.

Спикердің айтуынша, бүгін де аталған тұжырымдаманы жүзеге асырудың жолдары нақтыланып жатыр.

«Осы орайда мемлекеттік басқарудың жаңа реформасын жүзеге асыруда президенттік жастар кадрлық резервінің рөлі зор. Өйткені жаңа әзірленген тұжырымдаманы одан ары жүзеге асыратын жас кадрлар арамызда отыр. Әрбір мемлекеттік шешімнің заңнама немесе реформаның артында адам тұрғанын ескеру керек. Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастыруда оның жастардың ерекше орын алады. Жастар кадрлық резерв мүшелеріне айтарым мемлекеттік басқару да басқа елді алға жылжытатын идеяларыңыз болса біз оны тыңдауға, ол идеяның іске асуына қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Тегтер: