12 Қаңтар 20:46

22 наурызда президент сайлауы өтетін болды

Фото:

Абхазия Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өткізу күнін белгіледі, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. «Қайта сайлау өткізу күні 2020 жылдың 22 наурызына белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тамаз Гогия шешім бірауыздан дерлік қабылданғанын айта отырып.

Ол заңды түрде сайлау қайта болатынын және оған кез келген кандидат қатыса алатынын атап өтті.

Еске салсақ, 9 қаңтарда наразылық білдірушілер Абхазия басшысының әкімшілігіне басып кіріп, президенттің отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысынан кейін президент Рауль Хаджимба күш құрылымдары күшейтілген режимге ауыстырылғанын, ал қажет болған жағдайда ол республикада төтенше жағдайды жариялау жөнінде шаралар қолданатынын мәлімдеді.

Кейін Абхазия парламенті Хаджимбаға президент қызметінен кетуді ұсынды.

Бірақ Рауль Хаджимба отставкаға кетпейтінін мәлімдеді. 

«Жалпыұлттық келісімге келіп, тұрақты жағдайды сақтап қалу үшін президент барлық мәселені келіссөздер арқылы шешуі қажет деп санайды», – деді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Шамба.

Тегтер: