AKORDA

02.12.23 Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады

​Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянмен кездесті.

02.12.23 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді

​Мемлекет басшысы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті.

01.12.23 Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттегі сөзі басталды

01.12.23 Тоқаев Dubai Expo City көрме орталығына келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді.

30.11.23 Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі, Ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын «EXPO-2030» халықаралық көрмесін Рияд қаласында өткізуге қатысты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.  

30.11.23 Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады.

28.11.23 Мемлекет басшысы Албания Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

28.11.23 Қазақстан мен Того президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті Того делегациясына ілтипат білдіре отырып, достас екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 10 жылдығы қарсаңында Астанада өтіп жатқан бұл сапардың символдық мәні бар екенін атап өтті.