Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Покер ойнайтын зал ашқан Шымкент тұрғыны сотталды

 Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді.

Покер ойнайтын зал ашқан Шымкент тұрғыны сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол сонымен қатар 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласы Қонаев даңғылына пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз покер ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады. Яғни, ол Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» заңының талаптарын өрескел бұзып, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арнаулы рұқсат алмаған. Сөйтіп жоғарыда аталған мекенжайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқан. Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді, покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды.

Қазір оқып жатыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазақстанда 1 млн-нан астам адам баспанаға мұқтаж

Пәтер кілті

Қазақстанда ипотеканы кім көбірек рәсімдейді: ерлер ме, әйелдер ме?

Тұрғын үй

Қызылорда облысында белгісіз дерттен жылқы жаппай қырылып жатыр

ауру