USD
USD
USD

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың тоқтату кранын жұлып алғанына байланысты Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пойыз тұрағы 12 минутты құрады. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

– Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы