USD
USD
USD

Пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды

 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа қауіпсіздік талаптарын жариялады.

Пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Бас санитар дәрігер шешімімен 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Мұнда вокзалдар әкімшілігі жолаушыларға билетті онлайн түрде сатып алуға кеңес береді. ҚТЖ сайты мен 14 интернет ресурстан, қызмет көрсету терминалдарынан билет алуға болады», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану бойынша атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев. 

 Әзірге бас санитар дәрігер шешімімен шығарып салушыларға вокзалға кіруге тыйым салынды. Бұл мәселе эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап, жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады. 15 мамырда билет сатылымы басталып, 23 мыңнан астам билет сатылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков